“Медианеттегі” сабақ

Мен қазір “Medianet”те кезекті сабақта отырмын. Бүгін көп нәрсе үйрендім: блогқа  қалай сурет, сілтемелер енгізуге болатындығы жөнінде және т.б. Бірақ Continue reading

Достық туралы

Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос‑жарансыз өмірді қаламақ емес (Аристотель).

Достық – өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, зор қуаныш – сырыңды айта алатын адамның болуы (А. Мандзони). Continue reading

Достық

Бұрынырақта, мектеп кезінде, аздап өлең шығарып, шығармашылықпен айналысатынмын. Біраз өлеңдерім,  әңгімелерім облыстық газетке де шықты. Өзімді керемет ақын немесе жазушы болдым деп есептемеймін әрине. Ол өзімнің бос уақытымда айналысатын хоббиім сияқты болатын. Керемет шабыт та келмейді. Әйтеуір ұйқасын келтіруге тырысатынмын. Өткенде бұрынғы дәптерлерімді ақтарып отырып т ауып алдым. Сол өлеңдерімнің бірін достыққа арнаппын. «Достық» деп аталады:

Дос табу оңай іс емес екен, құрдасым,

Жақсы ғой егер жанашыр болса сырласың.

Достың да досы болады екен байқасаң,

Абайла, саған әйтеуір тұзақ құрмасын.

Бетіңе қарап қазір ғана күлгендер,

Қазір ғана сенімен бірге жүргендер,

Сыртыңнан шығып ғайбаттап айтып өзгеге

Дос болып жүріп жаныңа жара салмасын.

Бес саусақ бірдей емес қой бірақ өмірде

Достар да болад ақ ниетті, адал шын.

Тек қуаныш сыйлайтын сендік көңілге

Ниеті түзу болсын деп тілейм жолдасың!

Сәлем!

Мен жаңа блог аштым!!! Енді мұнда қажетті мәліметтерді, өмірімдегі қызықты сәттерді жазып отыратын боламын.